УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

Ұстаздар күніне арналған "Ғалым да, дана да бас иетін, ұстазым асыл ғой қасиетін" атты мерекелік кеш

Ұстаздар күніне орай "Ғалым да, дана да бас иетін, ұстазым асыл ғой қасиетін" атты мерекелік құттықтау кеші өткізілді. Мерекелік кеште колледж директоры- Джандыбаев Турсун Мухаметкалиевич ұстаздарды мерекесімен құттықтай отырып, Білім беру саласына қосқан үлесі үшін Кабдолланова А.Е., Алимханова Л.С., Нургазин Б.Н., Сайлаубаева М.Е., Даулетова А.Т., Алкебаева Ж.А., Баймадиева А.Б., Өмірханова А.Ө. Алгыс хатпен марапаттады.

  Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Фотография 1 Фотография 2

Фотография 1 Фотография 2

 01 октябрь 2021